• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

2022 жылдың 22 шілдесінде белсенді демалысты насихаттау мақсатында мектеп жанындағы лагерьдің тәрбиеленушілері табиғатқа сапарға шықты.

Балалардың жазғы кезеңдегі ұйымдастырылған іс-әрекеті педагогикалық үдерісті жыл бойы үздіксіз етуге мүмкіндік береді. Айнакөл орта мектебінің «Жас саяхатшы» мектеп жанындағы лагерінің негізгі міндеті - балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, моральдық-ерік қасиеттерін және ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу, өмірге оң көзқарас қалыптастыру болып табылады.
2022 жылдың 22 шілдесінде белсенді демалысты насихаттау мақсатында мектеп жанындағы лагерьдің тәрбиеленушілері табиғатқа сапарға шықты. Жаяу жүру - табиғатпен бірігудің, энергияны қайта зарядтаудың тамаша мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл бұқаралық, спорттық-экологиялық іс-шараларды өткізу мүмкіндігі.
Лагерь тәрбиешілері, дене шынықтыру мұғалімі балалармен таза ауада спорттық іс-шаралар эстафеталар; «Заморозки», «Кошки-мышки», «Третий лишний», «Ручеёк» қозғалмалы ойындары; «Это наше лето!» флешмобы өткізілді.
Күн көңілді және позитивті көңіл-күйге толы өтті.

26-07-2022