• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ағымдағы жылдың 23 маусымында М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған облыстық балалар бейнелеу өнері конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 маусымында М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған облыстық балалар бейнелеу өнері конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты: балалардың шығармашылығын дамыту және насихаттау, дарынды балаларды анықтау және ынталандыру.
Аталмыш конкурсқа Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтағы мектеп оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша:
1 орынды – Үштерек ауылы орта мектебінің оқушысы Баймұрат Мейрамбек және Еңбек ауылы орта мектебінің оқушысы Омей Жаннұр жеңіп алды;
2 орынға – Қалқаман ауылы орта мектебінің оқушылары Алмасбекқызы Інжу және Бурцева Полина ие болды;
3 орынды – Қалқаман ауылы орта мектебінің оқушысы Төлеген Рахат иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

24-06-2022