• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

28-29 сәуір күндері мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирін өткізілді.

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Инновациялық Еуразия университетінің базасында ағымдағы жылдың 28-29 сәуір күндері мектеп басшыларының 1 ашық дебат турнирін өткізді.
????ХХІ ғасыр құзыреттілігінің креативті деңгейіндегі сайыстар қазақ және орыс тілдерінде өтті.
????Тартысты пікірталаста III дәрежелі ДИПЛОМ мен 30 мың теңге ақшалай сыйақының иегерлері Ақсу қаласының "Softskils" командасы болды.
????Төрешілер алқасы I орын Ақсу қаласының "Жарқын болашақ" командасына бұйырды, олар I дәрежелі дипломдармен және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
????Турнирдің бірінші күні үздік спикерлер анықталды. Ақсу қаласынан Г.А. Асылова болды, 50 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубоктармен марапатталды.
????Алдағы уақытта Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ресми серіктестері салалық кәсіподақтың, ИнЕУ және "Ертіс" телеарнасының қаржылық, техникалық және ақпараттық қолдауымен аудандар мен қалалардың әдістемелік кабинеттерінің командалары, облыс педагогтері арасында дебаттық технология бойынша жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

09-06-2022