• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

№8 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында облыстық семинар өткізді

15 сәуір күні Ақсу қаласының №8 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар барысында мектеп мұғалімдері ашық сабақтар көрсетіп, шебер-сынып өткізіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Альжанова А.С., Темергалиева С.Е., Абулканова Қ.О. ашық сабақтар берді. Калиева А.А., Мусаева М.А., Молдабекова Ж.Б. шебер-сыныптар өткізіп, өз тәжіибелерімен бөлісті. Бастемова А.К., Омарова К.Е. сабақтан тыс интеллектуалды сайыс көрсетті. Әр пән мұғалімі өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, өздерінің жинақтаған тәжірибиелерін жоғары деңгейде көрсете білді. Оған дәлел, Павлодар қаласы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері Солтанова Б.М., Тулешова М.Т. семинар бойынша білдірген пікірлерінде мектептегі мемлекеттік тілді меңгерту, пәнді оқыту аса жоғары деңгейде екенін атап айтып, мұғалімдеріміздің біліктілігін, мемлекеттік тілді дәріптеуде асқан шеберліктерін ескергенінен байқауға болады. Семинар оқушылардың қатысуымен өткен концерттік іс-шарада жалғасын тапты. Қатысушы мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салып, кері байланыс жасады. №8 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық деңгейде тәжірибемен бөліскені үшін арнайы сертификат табысталатын болады. Семинар нәтижелі, қызықты әрі танымды өтті. 

26-05-2022