• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылғы 6-7 сәуірде ашық диктант өткізілді

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылғы 6-7 сәуірде Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің мұғалімдері, оқушылары және Ақсу қаласы білім беру бөлімінің мемлекеттік қызметшілеріне ашық диктант өткізілді.
Ашық диктант өткізудің мақсаты – Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай әрбір азаматқа қазақ тіліндегі білімін тексеруге және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың мәдени мұрасы ретінде сауаттылық пен сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және арттыру болып табылады.
Ашық диктантқа барлығы 3855 қатысушы қатысты.

07-04-2022