2022 жылдың 10 наурызында №7 орта мектебінің базасында «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға Ақсу қаласы және ауылдық мектептерінің мұғалімдері қатысты. №7 орта мектебінің директоры Нурикамал Кабиевна Жедоуова конференция баяндаушыларын және қатысушыларын құттықтап, сәттілік тілеп конференцияны ашты.
Осы конференцияға Ақсу қаласының №1,2,7 және Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің мұғалімдері дайындаған баяндамаларын ортаға салып, ой түйісті. Конференция соңында білім беру бөлімінің әдіскері Мадина Жанболатовна Темиргалиева баяндаушыларға сертификат табыстады.