• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ақсудың оқушылары күз туралы білетіндерін ортаға салды

2 қарашада қаланың балалар шығармашылық үйінде «Күз туралы не білеміз?»  атты конкурс өткізілді.

        Оның көмегімен іс-шараға қатысушылар күз туралы білімдерін қорытындылады.

         Конкурстың міндеттері: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, күз айлары мен оларға тән белгілері туралы білімдерін бекіту, сондай-ақ күзге байланысты мақал-мәтелдерді үйрену.

         Сондай-ақ, ұйымдастырушылар оқушылардың топта коммуникативті қарым-қатынас жасау қабілетін, қиялын оята отырып, шығармашылық қиялын және ауызша сөйлеуін дамытуды көздейді.

         4-8 сынып оқушылары бірнеше адамнан тұратын командаларға бөлінді.  Конкурс бірнеше кезеңде өткізілді: визит карточкасы, күз айларының белгілері, табиғат құбылыстары туралы сұрақтар. Балалар жылжытылған әріптерден саңырауқұлақтардың атын жасады, ребустар, сөзжұмбақтар тапты. Сондай-ақ, олар «Күзгі сюжеттер» турында өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті, мысалы, аюлар қыстауға арналған ұяны қалай дайындайды, тырналардың қоштасу биі және т.б.

          Конкурс қорытындысы бойынша «Орлята» командасы жеңімпаз атанып, екінші орынды «Батылдар» командасы және үшінші орынды «Күштілер» командасы иеленді.

          Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

02-11-2022