• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ақсу қаласы №5 бастауыш мектебінің «Жасыл планета» мектеп жанындағы лагерінде жазғы күндердің бірі экология күніне арналды

Ақсу қаласы №5 бастауыш мектебінің «Жасыл планета» мектеп жанындағы лагерінде жазғы күндердің бірі экология күніне арналды. Еңбек ауылы «Планета детства» мектеп жанындағы лагерінің балалары қонаққа келді. Бұл күні экологиялық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінді.
Лагерь ұйымдастырушылары квест – «Экологиялық калейдоскоп» ойынын дайындады. Ұжымды біріктіру мақсатында балалар маршруттық парақтарға сәйкес түрлі интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, командамен жұмыс жасады. Жолдың соңында командалар тәттілермен бірге қазына табу керек болды. Бос уақытты ұйымдастырудың бұл түрі балалардың дене белсенділігін, бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Балалар барлық станциялардағы тапсырмаларды үлкен ықыласпен орындады: жұмбақтар шешті, тақпақ құрастырды, көптеген мақал-мәтелдерді есте сақтап үйренді, тапқырлық пен ұшкір қиялдарын көрсетті.
Балалар дәрілік өсімдіктер, саңырауқұлақтар, ағаштар, жануарлар, балықтар мен құстар, минералдар, ормандағы тәртіп туралы білімдерін көрсетті. Ойын жылы және достық атмосферада өтті.
Ойынның қорытындысы бойынша 1-орынды Еңбек орта мектебінің «Күншуақ» командасы, 2 орынды – №5 бастауыш мектебінің «Табиғат достары» командасы иеленді.
Балалар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы шай дастарханы мен дискотекамен аяқталды. Барлық қатысушылар сергектік пен жағымды эмоциялардың керемет зарядын алды.

29-07-2022