• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ақсу қаласында мәдениет және демалыс саябағында, спорт алаңдарында, кітапханаларда «Aksu Bala Fest» мерекелік бағдарламасы өтті

Балаларды қорғау күні - балалар мен ересектердің сүйікті мерекесі. Ол Балалар жылы деп жарияланған 2022 жылдың бірінші жазғы күнінде атап өтіледі.
Ақсу қаласында мәдениет және демалыс саябағында, спорт алаңдарында, кітапханаларда «Aksu Bala Fest» мерекелік бағдарламасы өтті.
Балалар шығармашылық үйінің үлкен сахнасында «Сәлем, жаз!» мерекелік бағдарламасы, ағымдағы оқу жылында спорттық жарыстарда, шығармашылық конкурстар мен зияткерлік олимпиадаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген өңір мектептерінің үздік оқушыларын марапаттау өтті.
Марапаттау рәсіміне Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсимбинов қатысты, ол өз сөзінде балалар – еліміздің болашағы екенін атап өтіп, ол барша балаға денсаулық, амандық және жазғы демалысты жақсы өткізуді тіледі.
Ұмытылмас концерттік бағдарлама болды, онда балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері мен балабақшалардың үздік ұжымдары - облыстық «Бүлдіршін 2022» байқауының лауреаттары өнер көрсетті. Конкурстық – ойындық бағдарлама балалардың қызығушылығын тудырды, онда қызықты ойындар өтті. Шараны Павлодар қаласының «Анимашки Шоу» және «AmadeuS» анимация студиялары ұйымдастырды.
Сонымен қатар, бұл күні Балалар шығармашылық үйінің кинотеатрында балаларға «Ер Төстік және Айдахар» мультфильмі тегін көрсетілді. Қалалық мәдениет сарайында ««Кішкентай Ханзада мен Ханшайым» аймақтық конкурсы өтті. Қаланың және аулдың барлық кіттапханаларында «Счастье, солнце, дружба – вот, что детям нужно» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Қалалық мұражайда «Әлем балалар көзімен» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға «Аслан» реалибитациялық орталығында ойын-сауық бағдармаласы және И.Құтпанұлы спорт сарайында спортық эстафета өткізілді.
Бұл күні Ақсу қаласы мен өнірінің барлық білім беру мекемелерінде мектеп жанындағы және профильдік лагерлер салтанатты түрде ашылды. Мереке Ақсу қаласының кәсіпкерлер тобы және KMF микроқаржылық ұйымы есебінен балмұздақ пен тәттілерді тегін таратумен аяқталды.

01-06-2022