• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Су айдындарындағы қауіпсіздік»

Ағымдағы жылғы 18-19, 25-26 маусымда Ақсу қаласы мен ауылдық өңірде білім бөлімінің мамандары мен Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімімен және полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп су қоймалары бойынша рейдтер өткізілді.
Кәмелетке толмағандармен жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында осы рейдтік іс-шаралар әр демалыс және мереке күндері өткізіледі. Рейдтік іс – шаралар барысында су қоймаларына заңды өкілдері жоқ кәмелетке толмағандар анықталады, суда өзін ұстау ережелері бойынша балалар мен ата-аналарға жадынамалар мен ұсынымдар таратылады, халықпен ақпараттық-түсіндіру әңгімелері жүргізіледі.
Сонымен қатар, Ақсу өңірінің барлық оқу орындарының, соның ішінде білім бөлімінің Instagram, Facebook әлеуметтік желілердегі парақшаларында ата-аналар қауымдастығын балаларын су айдындарында бақылауға шақыратын бейнероликтер мен жадынамалар орналастырылған.
Сондай-ақ, бұл бейнероликтер мен жадынамалар мектептердің ғана емес, балабақшалардың, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының, «Экоәлем» бейіндік лагерінің және қала сыртындағы «Мечта» лагерінің барлық ата-аналар чаттары бойынша таратылды.

01-07-2022