• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Кітапханашы күні»

Қазақстан Үкіметінің ағымдағы жылдың 18 қазанындағы қаулысымен мерекелер қатарына тағы бір кәсіби мереке енгізілді, сондықтан ағымдағы жылдан бастап 24 қазан ресми мереке – «Кітапханашы күні» болып есептеледі.

Мереке қарсаңында, 2022 жылғы 20 қазанда «Ақсу қаласының №8 орта мектебі» КММ базасында Кітапханашы күніне арналған «Кітапхана – білім сәулесі» атты қалалық салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға 3, 4, 5, 6-сынып оқушылары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, кітапханалық еңбек ардагерлері, «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» КММ, «Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы» ММ өкілдері, Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың мектеп кітапханашылары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты – мектеп кітапханаларының проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, мектеп кітапханашысының мәртебесін арттыру, мектепте көпфункционалды ыңғайлы кітапхана кеңістігін құру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын дамыту, кітапханалық технологиялық процестерді автоматтандыру, көркем әдеби кітапхана қорын толықтыру.

Көп жылғы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін білім беру бөлімі басшысының орынбасары Алмагуль Асановна Ахметоваға, «Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Анаргуль Куанбековна Узкановаға, «Жамбыл орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Бахыт Жанабековна Аужановаға, «М. Қабылбеков атындағы орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Бахыт Алпысбаевна Оспановаға, «Қызылжар орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Жумабике Тулкиевна Мыктыбаеваға, «Үштерек орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Зульфия Смаилхановна Шайхимулдинаға, «Ақжол орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Даметкен Кусаиновна Сатпаеваға Ақсу қаласының білім беру бөлімінің грамоталары және бағалы сыйлықтары табыс етілді. 

№8 ОМ оқушылары, балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері – «Сарын» үйірмесінің солисі Айзере Ермекова, «Дарын» аспаптық ансамблінің квартеті, «Престиж» хореографиялық ансамблі, «Сөз ойдың айнасы» би үйірмесі барша жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

Көптеген жылдар бойы жас ұрпақпен өздерінің тәжірибесі және білімімен бөліскен кітапхана ісінің ардагерлері жас мамандарды құттықтап, қоштасу сөздерін айтты.

Қорытындылай келе, мектеп кітапханасы – қазіргі білім беру жүйесіндегі ерекше, бірегей орын алатындығын атап өту қажет.

Ол баланы оқуға үйретпейді, оның кітапқа деген құштарлығын тәрбиелейді және қалыптастырады. Біздің болашығымыз осы міндеттің қаншалықты табысты шешілетініне байланысты.

21-10-2022