• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«ХХІІ облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығының Бүлдіршін» фестивалінің қорытындысы шығарылды


ХХІІ облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» фестивалінің қорытындысы шығарылды. Фестиваль офлайн режимінде өтті. Жыл сайын 20 жыл бойы жыл соңында балабақшалардың жас дарындары вокал, хореография, көркем сөз, сондай-ақ балалар оркестрі жанрында өз таланттарын көрсетеді. Облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» фестиваліне қатысу үшін Ақсу қаласынан барлығы 20 музыкалық нөмір ұсынылды. Облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығы фестивалінің қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясында I дәрежелі лауреаттар «Ақсу қаласының № 24 сәбилер бақшасы» тәрбиеленушілері «Қазақстан» шығармасымен (музыкалық жетекшісі Асия Жумабековна Есельбаева), «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» тәрбиеленушілері «Робот Бронислав» шығармасымен (музыкалық жетекшісі Асель Оразбековна Лебаева) атанды. II дәрежелі лауреаттар: «Ақсу қаласының № 20 сәбилер бақшасы» тәрбиеленушілері, «Көктем туралы ән» шығармасымен (музыкалық жетекші Асия Жумабековна Есельбаева), Ақжол ауылы ОМ жанындағы «Еркетай» шағын орталығының тәрбиеленушісі Каусар Даниярова «Мама» шығармасымен (тәрбиеші Гүлхазира Самархан) атанды. III дәрежелі лауреат: Аяла Сурагановна «Береке ауылының ОМ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі «Балабақша» шығармасымен (музыкалық жетекшісі Кунишай Шайзада) атанды. «Хореография» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат: «Балапан» сәбилер бақшасы» би ұжымы (хореограф Римма Романовна Тумабаева, Дайана Едыловна Сексембаева) атанды. II дәрежелі лауреаттар «Ақсу қаласының № 24 сәбилер бақшасы» би ұжымы (хореограф Айгүл Амангельдиновна Кустенова), «Ақсу қаласының № 16 сәбилер бақшасы» би ұжымы (Юлия Сергеевна Гейнц) атанды. «Көркем сөз» номинациясымен Бас жүлде «Айналайын сәбилер бақшасы» тәрбиеленушілері (музыкалық жетекшісі Оксана Владимировна Лесных, Марина Борисовна Лифанова) иеленді. І дәрежелі лауреатты Жамбыл ОМ мектепалды даярлық сыныбының оқушысы Ақұлпа Енсегенқызы (мұғалім Дария Магзумовна Алибаева) және «Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасы» тәрбиеленушісі Асанбек Іңкәр иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

06-05-2022