• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Кітап ғажайып еліне саяхат»

Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу – миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді.

Кітап апталығы аясында Үштерек орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен (сынып жетекшісі Абайхан Бисара) кітапхананың оқу залында «Кітап ғажайып еліне саяхат» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Кітапханашы Шайхимулдина З.С. кітап оқудың пайдасы туралы сөз қозғап, яғни кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі,жадыны және ойлауды дамытады, көп оқыған адам мықты, тез ойлап, тез қорыта алады, кітап оқу – көптеген табыс пен жетістікке жеткізеді деген ойларын айтты.

Сынып жетекшісі Абайхан Бисара кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады деп кітап оқудың маңызы зор екендігін айтты. Жас оқырмандар оқыған кітаптарын оқуға кеңес беріп, қандай, қанша кітап оқығандары жөнінде өз пікірлерімен алмасты. Іс шара балаларды кітап оқуға қызығушылықтарын оятты.

31-03-2022