• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ақсу өңірінің педагогтарына арналған әдістемелік семинар

3 қарашада Ақсу қаласының №8 орта мектебінің базасында «Діни сауаттылықты арттыру - конфессияаралық келісім тұрақтылығының факторы» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Спикерлер Павлодар қаласының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Г.Раздыкова және «Адал» жастар қоғамдық бірлестігінің теологы А. Батырханов болды.

Семинарға қала мен ауылдық аймақтың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты. Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: білім беру мекемелерінде діни атрибуттарды киюге тыйым салу, жасөспірім кезіндегі ойлау ерекшеліктері, баланың жеке басының дамуындағы мұғалімнің рөлі, Қазақстанда тыйым салынған деструктивті діни секталар, зайырлы қоғам принциптері туралы.

Алынған ақпарат мұғалімдерге оны оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстарына қолдануға мүмкіндік береді.

03-11-2022