• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Балалар шығармашылығы үйінің әдіскерлері №7, №8 мектептердің, лицейдің балаларына «Ақылды жаттықтыру» зияткерлік конкурсын өткізді.

Балалар шығармашылығы үйінің әдіскерлері №7, №8 мектептердің, лицейдің балаларына «Ақылды жаттықтыру» зияткерлік конкурсын өткізді. №8 орта мектебінің командасы жеңіске жетті, лицейі 2 орын және №7 мектеп командасы 3 орын алды. Командалар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара анимациялық фильмді көрумен аяқталды.
«Искра» аула клубының спорт алаңында нұсқаушылары «Спорттық жаз» бағдарламасы бойынша шағын футболдан клуб командаларының кездесуін өткізді. «Жұлдыз» аула клубының командасы 1 орын, «Ақ желкен» командасы 2 орынға ие болды.
Сонымен қатар, аула клубтарының тәрбиеленушілері үшін «Достар арасында» ойын байқау бағдарламасы өткізілді.
Қатысушылар тапқырлық, жылдамдық, ұйымшылдық, ептілік бойынша тапсырмаларды орындады.

14-06-2022