• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Балалар шығармашылық үйінің базасында «Шеберлер қаласы. Шексіз балалар шығармашылығы» атты фестивальдің гала-концерті өтті

2022 жылдың 6 сәуірінде Балалар шығармашылық үйінің базасында «Шеберлер қаласы. Шексіз балалар шығармашылығы» атты фестивальдің гала-концерті өтті. Гала-концертке 2022 жылдың наурыз айында Ақсу өңірінің мектептері арасында өткен іріктеу турының жеңімпаздары қатысты.
Гала-концертке қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакиров, білім беру бөлімінің басшысы Қ.Т. Смағұлов және Ақсу өңірі мектептерінің директорлары қатысты.
17 мектептің шығармашылық ұжымдары келесі бағыттар бойынша өз үздік жұмыстарын көрсетті: вокал, хореография, сәндік - қолданбалы шығармашылық бойынша шығармашылық жұмыстар. Әр қатысушы өзінің барлық шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін және шеберлік құпияларын салды. Бұл конкурс қатысушының өзі үшін де, жетекшісі үшін де үлкен еңбекті талап етеді.
Сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды, ол жұмыстардың көптігімен, әсемдігімен, бірегейлігімен, әртүрлі техникасымен қуантты.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді: «Вокал» жанрында Бас жүлдеге Қ. Шүлембаев атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Перницкая Милана иеленді. («Менің отбасым» әні), үйірме жетекшісі М.Т. Идрисова; 1 орын №2 жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Қуатова Жанельге берілді («Гүл Дариға» халық әні, үйірме жетекшісі Г.К. Қисатова; 2 орын - Мақсұт Сара, М. Қабылбеков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы («Аяулы ана» әні), үйірме жетекшісі Б.И. Құрманова; 3 орын-Қанаш Жұлдыз-Ай, 4 сынып, С. Дөнентаев атындағы орта мектебі («Достарым» әні), үйірме жетекшісі З.Т. Азенова.
«Хореография» жанрында Бас жүлдені Достық орта мектебінің «Грация» тобы («Душа павлина» биі), үйірме жетекшісі Н.С. Бекбергенова иеленді; 1 орын Қызылжар ауылы орта мектебінің «Баян Сұлу» би ансамбліне («Аса таяқ» биі), үйірме жетекшісі Д.К. Ізбасароваға берілді; 2 орын - Қалқаман ауылы орта мектебінің «Қызғалдақ» тобы («Қазақ қыздары» биі), үйірме жетекшісі А.Б. Уахитова. Сәндік-қолданбалы шығармашылық жанрында келесі оқушылардың шығармашылық жұмыстары атап өтілді: 1 орын - Тулеубек Еркежан,Спутник станциясы негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы («Ғажайып құстар әлемі»), үйірме жетекшісі А.К. Қабылбеков; 2 орын – Хавалмуратқызы Арайлым, Еңбек ауылы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (жүннен жасалған сурет «Көкнәр», «Жайлау»), үйірме жетекшісі А.О. Уайханова; 3 орын – Ошмарина Карина, Еңбек ауылы орта мектебінің 8 сынып оқушысы («Шым – ши» ою-өрнегі), үйірме жетекшісі В.В. Жупашева.
«Шығармашылық қозқарас» номинацияларымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары белгіленді: Колесова Мария, 9 сынып, Алтынбаева Анастасия, 11 сынып Қалқаман ауылының орта мектебі, үйірме жетекшісі О.В. Вагнер; Ермекова Дильназ, 8 сынып «Вазочка из бисера», Достық орта мектебі, үйірме жетекшісі А.Е. Сенкибаева; Қалихан Айнұр, 10 сынып, «Бақыт құсы», Үштерек ауылы орта мектебі, үйірме жетекшісі Бұлғанбай Бақытгүл; Каримов Куаныш, 6 сынып, «Жылан», №2 жалпы орта білім беру мектебі, үйірме жетекшісі Хадис Серікжан.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыс тілейміз!

07-04-2022