• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

"Тәуелсіздік ұланы" сыйлығымен марапатталды

Шығармашылық, зияткерлік және спорттық жетістіктерімен ерекшеленген Павлодар облысының оқушылары Павлодар облысының әкімінен марапатқа ие болды. 20 қазан күні, Павлодар қаласының Достық үйінде  Республика күнінің ұлттық мерекесі қарсаңында "Тәуелсіздік ұланы" белгісінің 100 иесіне құрмет көрсету рәсімі өтті. Достық үйінде "Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет", "Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі", "Спорттық шеберлік", "Кәсіби шеберлік" және "Шығармашылық шеберлік" атты 5 номинациясының лауреаттары қатысқан марапаттау рәсімі өтті. Сыйлыққа Ақсу қаласының Білім бөліміне 51 өтінім түсіп, оның 30-ы облыстық іріктеуге үміткер болды.

Облыстық қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша құрметті марапатқа №1 қазақ орта мектебінің оқушысы Абдихаликов Дархан және Жамбыл орта мектебінің оқушысы Ерен Ералы ие болды.

Сыйлықты өткен жылы Павлодар облысының әкімдігі тағайындаған және оның шарттары бойынша иегерлері «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісі мен 50 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық алады.  Биыл бұл сома 159 мың теңгені құрап отыр.

21-10-2022