• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Бастау-2022» конкурсының қалалық кезеңін өткізді

Дарынды педагогтарды анықтау, жас мұғалімдерді қолдау және ынталандыру және кәсіби педагогикалық шығармашылықты ынталандыру мақсатында Ақсу қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2022 жылғы 15 сәуірде «Бастау-2022» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурсқа қала және ауыл мектептерінен 10 мұғалім қатысты.
Конкурс қатысушылары бірінші кезеңде панорамалық сабақ берді. Конкурстық комиссия оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша мұғалімнің жұмысы туралы ұсынылған материалдардың мазмұнын бағалады. Конкурстың екінші кезеңінде мұғалімдер «Болашақ мұғалімі» және «Мұғалімнің шығармашылығы» жобаларын көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша «Бастау – 2022» атағына келесі мұғалімдер ие болды:
Бас жүлдені №8 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Валерия Петровна Бойчук иеленді.
І орын - Жазина Айсана Мухаметрахимовна Еңбек ОМ ағылшын тілі мұғалімі, №1 ОМ тарих мұғалімі Сая Сайлаубаевна Ахмекенова; ІІ орын - №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сания Сабыржановна Хайруллиновна, №4 ОМ орта мектебінің биология мұғалімі Анастасия Эдуардовна Ромашова, М.Қабылбеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Данара Берікқызы Рысқали, ІІІ орын – Достық орта мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі Лидия Анатольевна Клещева, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Назира Бахытқызы Садуақасова, Қ. Камзин атындағы ОМ ағылшын тілі мұғалімі Әлия Ерсінқызы Ғабдолла, Қ. Шүлембаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анна Викторовна Баранова иеленді

19-04-2022