2022 жылдың 3-7 мамыр аралығында Алматы облысы Ақсу ауданы Ілияс Жансүгіров ауылында жалпы орта білім беретін мектеп базасында алғаш рет "Ілияс оқуларының" республикалық кезеңі өтті. Ақсу қаласын республикалық кезеңде Қызылжар орта мектебінің 8 сынып оқушысы Темірғалиева Аяулым таныстырды. Конкурс 3 бағыт бойынша өткізілді, онда қатысушылар Ілияс Жансүгіровтың поэмаларын, түрлі шығармалардан үзінділерді жатқа орындады, ал жас таланттар өз өлеңдерін ұсынды.
Бірінші бағыт бойынша «Жас жыршы» номинациясын 8 сынып оқушысы Темірғалиева Аяулым иеленді, жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Жанғабулова Әсемгүл Ерғалиқызы. Құттықтаймыз!
"Ілияс оқуларының" республикалық кезеңі өтті

13-05-2022