• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

9-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Павлодар қаласының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.О. Асанбаева және теологы Ж.К. Бердымуратов Жолқұдық ауылы Қ. Қамзин атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шара жастар арасында радикалға қарсы діни иммунитеттің алдын алу және дағдыландыру мақсатында өткізілді.

Зайда Омербековна тыңдаушыларға адамның санасын, адам құқықтары мен бостандықтарын бұзатын, адамға моральдық және физикалық зиян келтіретін деструктивті жалған діни ұйымдар туралы айтып берді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер беттерінде пайдалы ақпаратты қайдан табуға болатынына назар аударды.

Теолог Ж.К. Бердымуратов оқушыларға діни көзқарастарды радикалдандырудан қалай аулақ болу керектігін егжей-тегжейлі айтып берді.  Слайдтар және бейнероликтер көрсетілді.

18-10-2022