• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Ақсу қаласының оқушылары жазғы уақыттарын қызықты және танымды өткізеді

Мәдени - тарихи құндылықтарды қалыптастыратын мекемелердің ішіндегі ең маңыздысы, оның білім беру және тәрбие беру әлеуеті зор мұражай болып табылады. Бұл экскурсия мұражай экспонаттарына енгізілген ақпаратты игеруге қолайлы жағдай жасайды.

№8 орта мектептің «Ғажайыптар елі» мектеп жанындағы лагерінің балалары Ақсу қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды. Олар үшін ою-өрнек, былғары және ағаш шебері Бақыт Сағындықовтың 85 жылдығына арналған «Шебердің құпиялары» атты танымдық сағат өткізілді.

 Экспозициялық залдар бойынша экскурсиялық бағдарлама жас келушілерге бағалы раритетпен танысуға, түрлі экспонаттарды қолмен ұстауға мүмкіндік берді.

Балалар көптеген жаңа, танымдық және қызықты нәрселерді білді.

01-08-2022