• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Баланың өмірін сақтайық»

Ағымдағы жылдың 29 маусымында білім беру бөлімінің мамандарымен «Баланың өмірін сақтайық» акциясы өткізілді.
Бұл акция су айдындарында балалардың суға батуының, сондай – ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру әңгімелесулерін өткізуге бағытталған.
Акция барысында ата-аналарға су айдындарында және үйде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша ережелер түсіндірілді, сондай-ақ жадынамалар мен буклеттер таратылды.
200-ге жуық ата-ана мен заңды өкіл қамтылды.

01-07-2022