2022 жылдың 5 сәуір күні Павлодар қаласының №37және №25 мектеп базасында SportFEST Kazakhstan облыстықСпартакиадасыөтті.
Ақсу қаласынан 4 бағыт бойынша футзал, алғашқы әскери дайындық, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен 2004-2007 жылдары туған 17 мектеп оқушылары қатысты.
Жарыстың басты мақсаты: бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту, оқушылар арасында салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау, олар Қазақстан халқының денсаулығы мен өмір сүру деңгейін жақсартудың негізгі факторлары болып табылады.
Ақсу қаласының № 2 ЖОББМ, №1 қазақ ОМ және № 7 ОМ-нің оқушылары жарысқа қатысып жүлделі 1, 2, 3 орындарға ие болып, оқушыларға диплом, сыйлықтар табысталды.
1 орын алған оқушылар Щучинск қаласында өтетін Спартакиаданың ІІ кезеңіне жолдама алды.
Биылғы оқу жылында Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебіне «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры» жеке қорынан спорттық жабдықтар сыйға тартылды.
SportFEST Kazakhstan облыстық Спартакиадасы өтті

26-05-2022