• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Шағын-футбол турнирі

Ақсу қаласында Металлургтер күнін мерекелеуге үлкен дайындық жүріп жатыр. Бұл шараға балалар шығармашылық үйінің ұжымы да белсене қатысуда. Бүгін «Жалын» аула клубының футбол алаңында осы мерекеге арналған шағын футболдан турнир өтті. Бұл турнирге 53 бала қатысты. Әр аула клубы ең епті және жылдам ойыншыларды шығарды. Бірақ бұл жай ғана ойын, бүгін «Ақ желкен» аула клубының командасына сәттілік серік болды, олар 1 орынды, «Жалын» аула клубының командасы 2 орынды, «Жұлдыз» аула клубының командасы 3 орынды иеленді. Турнирдің барлық қатысушылары тәтті сыйлықтарға ие болды.

16-07-2022