• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Балалар шығармашылық үйінде «Құқықтық білімнің жазғы мектебі» жобасы аясында кезекті іс-шара өтті.

Балалар шығармашылық үйінде «Құқықтық білімнің жазғы мектебі» жобасы аясында кезекті іс-шара өтті. «Мен жол ережесін білемін!» ойын - танымдық бағдарламасында №2, №8 орта мектептердің, лицейдің 5 сынып оқушылары қатысты. Балалар жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін 3 турда көрсетті.
Мектеп - лицейдің оқушысы Сәрсен Әлиахмет жеңіске жетті. 2 орын – Серік Ернар (мектеп-лицей) және 3 орын-Сыздыков Мирас (№8 ОМ) иеленді.
Спорттық бағдарламасы «Спортты сүю - мықты және сау болу!» «Ақ желкен», «Искра», «Жұлдыз», «Арман» аула клубтарында өтті. «Секіргіш, шеңбер, доп – біздің достарымыз!», «Күн, ауа және су-біздің ең жақсы достарымыз!», «Мен, сен, ол - бәріміз спортқа жақыныз!» шеберлік -сағаттары өткізілді.
Сондай - ақ, аула клубтарының тәрбиеленушілері дарс турниріне, «Денсаулық құпиялары», «Көңілді қонжықтар», «Әуе шарының туған күні» конкурстық-танымдық бағдарламасына қатысты.
Қатысушылар барлық тапсырмаларды белсенді орындады, оқушы күнінің дұрыс режимін жасады, дұрыс тамақтану пирамидасын құрастырды, денсаулық құпияларын ашты, зиянды әдеттер туралы сөйлесті. Нәтижесінде барлығы бірге салауатты өмір салтының формуласын шығарды.
Ал күннің соңында аула командалары арасында балалар футбол лигасының 1/8 финалының ойындары өтті.

23-06-2022