• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Қазақстанда "Балалар жылын" өткізу шеңберінде 2022 жылғы 20-24 мамыр аралығында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің 24 мектебінде "ТОП ЖАРҒАН-2022" мектебінің оқушыларына құрмет көрсетудің салтанатты рәсімі өтті

Қазақстанда "Балалар жылын" өткізу шеңберінде 2022 жылғы 20-24 мамыр аралығында Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдің 24 мектебінде "ТОП ЖАРҒАН-2022" мектебінің оқушыларына құрмет көрсетудің салтанатты рәсімі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты мектеп және қоғамдық қызметтің дамуына үлес қосқан оқушыларды анықтау және көтермелеу.
"ТОП ЖАРҒАН – 2022" рәсімі барысында үш номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды: бірінші номинация "Оқу-зерттеу қызметі" 666 үміткер өтініш білдірді, олар жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, юниорлық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
"Спорттық шеберлік" номинациясы бойынша Ақсу қаласына даңқ әкелген 408 оқушы жеңімпаз атанды. Бүкіл Қазақстан бойынша және тіпті халықаралық спорт аренасында жарыстарда спорттық абыройды қорғады.
"Шығармашылық шеберлік" номинациясында сурет салатын, ән салатын, би билейтін, халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдарда театр қойылымдарын көрсететін, Қайырымдылық акцияларына қатысатын, мәнерлеп оқу байқауларына қатысатын 217 оқушы марапатталды.
1291 дарынды оқушылар, белсенділер, еріктілер, оқу үздіктері Ақсу қаласы және ауыл аймағы мектеп директорларының Алғыс хатымен және ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

25-05-2022