• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Жазғы маусымда Ақсу өңірінің Үштерек ауылындағы орта мектепте «Bal Bala» мектеп жанындағы лагерь және «Жас сарбаз» әскери-спорттық лагері жұмыс жасады.

Жазғы маусымда Ақсу өңірінің Үштерек ауылындағы орта мектепте «Bal Bala» мектеп жанындағы лагерь және «Жас сарбаз» әскери-спорттық лагері жұмыс жасады.
5 тамызда Үштерек ауылы орта мектебі мен Қалқаман ауылы орта мектебінің командалары арасында спорттық жарыстар өтті. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: автоматты жинау және бөлшектеу, велосипедпен кедергілерден өту, 5м қашықтықта ату, атпен жүру, кедергілер жолағынан өту. Балалар ептілік, жылдамдық және физикалық күш көрсетті. Конкурс қорытындысы бойынша Үштерек ауылы орта мектебінің командасы жеңіске жетті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазғы маусым бойы «Bal Bala» мектеп жанындағы лагерінде «Дәстүрдің дара діңгегі» жобасы жүзеге асырылды. Лагерьдің жабылуына «Ұлттық тағамдар, ұлттық бренд», «Ел іші - алтын бесік», «Асық ату», «Қазақтың қол өнері - зергерлік бұйымдары», «Сырмақ шертер сыр» қорытынды жасалып, осы жобаның кезеңдері көрсетілді.
Жобаны қорғау кезінде балалар педагогтардың басшылығымен қазақ халқының ұлттық ерекшілігін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетті.

09-08-2022