• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері Павлодар қаласының V Ертіс өлкетану академиясына қатысты.


«Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері Павлодар қаласының V Ертіс өлкетану академиясына қатысты.
«Көшпенді» екі палубалы теплоходында аралдан аралға жол жүріп, балалар қаздың ұшуы, теңізде жүзу және туған өлкеде кеме қатынасы тарихы туралы қызықты оқиғаларды үлкен ықыласпен тыңдады. Кеме капитаны балаларға кеме иесінің тағдыры мен «Көшпенді» тарихы туралы айтып берді.
Әрбір қатысушыға біраз уақыт капитан болу және кеме тізгінінде отыру сәті түсті.
«Қазақстан алюминийі» АҚ қолдауымен «Фарватер» V Ертіс өлкетану академиясының ұйымдастырушысы «Павлодар география үйі» ҚБ және «QazaqGeography» РҚБ Павлодар өңірлік өкілдігі болып табылады.
Эколог-лекторлар, тарихшылар мен өлкетанушылар балалардың көптеген сұрақтарына үлкен ықыласпен жауап берді.

27-07-2022