• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

«Жәндіктердің ғажайып әлемі»

Кез келген жаста балалар қоршаған әлемді белсенді түрде біледі. Олар айналасында болып жатқан барлық нәрселерге қызығушылық танытады. Олар әрдайым «Бұл кім?», «Қандай?», «Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақтарды қояды. Қоңыздар, көбелектер, құмырсқаларды зерттеп, жинап, өздері жауап табуға тырысады.
«Экоәлем» лагерінің тәрбиеленушілеріне «Ақсу» балалар эко-техноорталығының педагогтары экологиялық «Жәндіктердің ғажайып әлемі» ойын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: балаларда қоршаған әлемдегі жәндіктердің алуан түрлілігі туралы түсінігін қалыптастыру. Жәндіктерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, жаратылыстану-ғылыми түсінігін жетілдіру (жәндіктердің атаулары; сыртқы түрінің ерекшеліктері). Барлығы 20 бала қатысты.
Ойынның басында балалар үш командаға бөлінді: «Түкті аралар», «Көбелектер», «Аралар». Ойын Ақсу балалар эко-техноорталығының аумағында орналасқан бекеттерде өтті. Бағыт тапсырмадан тапсырмаға дейін жасалды. Балалардың жолы әртүрлі бекеттерден өтті. Бірінші бекет «Жәндіктер мектебі», балалар жыртқыш жәндіктердің суреттерін табуға керек болды. «Оларды неге жыртқыштар деп атайды?» «Пайдалы жәндіктерді табыңыз» «Олар қандай пайда әкеледі?»
Екінші бекет «Қандай жәндік екенін тап?», балалар жұмбақтарды тауып, осы жәндік туралы айту керек болды. Үшінші станция «Санап алайық». Балалар бірнеше тапсырманы дәл есептеп, шешуі керек еді. Балаларға бірнеше есептерді дәл есептеп, шешуге тура келді. Ал соңғы бекет төртінші «Ғажайып жәндіктер». Бұл бекетте балалар «Жәндіктер қай жерде тұрады?», «Қандай пайда немесе зиян әкеледі?» деген сауалдарға тезірек және нақты жауап беруі керек болды. Барлық бекеттерді өтіп, балалар барлық таңқаларлық жәндіктер, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және олардың барлығы біздің ғаламшарда бірдей қажет деген қорытындыға келді. Жәндіктермен дос болайық!

16-07-2022