• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Көкөніс өсіру технологиясымен танысу

Ағымдағы жылдың 27 маусымында балалар шығармашылық үйінің аула клубтарының тәрбиеленушілері «Ақсу қаласының жылыжай кешені» ЖШС-не экскурсияға барды. Оларды өте жылы қарсы алды.
Балаларға гидропоникада қияр өсірудің барлық технологиясын көрсетті.
Оларға кәсіпорынның 1,7 га алаңда орналасқандығы, маусымаралық кезеңде қала мен облысты жаңа өніммен қамтамасыз ету үшін көкөніс өсірумен айналысатыны туралы айтылды.
Жылыжай кешені голландиялық технология бойынша салынған және төртінші буынды жылыжайларға жатады. Мұнда климат - бақылау жүйесі, жасанды жарықтандыру, тамшылатып суару жүйесі енгізілген.
Балалар пайдалы ақпарат алып, жаңа піскен қиярдан қуана-қуана дәм татты.

29-06-2022