2022 жылғы 19 қазанда білім беру бөлімі Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясымен бірлесіп, Республика күніне орай қалалық дебат турнирін өткізді.Турнир американдық парламенттік форматта өтті.
Турнирге барлығы 4 команда қатысты.
Оқушылар қызықты да тартысты ойын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша орындар төмендегідей шешілді:
1 орын № 1 қазақ орта мектебінің "Жас дебат" командасы;
2 орын Дарынды балаларға арналған гимназияның "Интеллект" командасы;
3 орын № 2 жалпы орта білім беру мектебінің "Парасат" командасы мен Дарынды балаларға арналған гимназияның "Болашақ" командасы.
№ 1 қазақ орта мектебінің оқушысы Сальменова Дариға "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды.