«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Ақсу қаласының ірі кәсіпорны - «ЕЭК» АҚ 5 мектептен (Еңбек ОМ, С. Дөнентаев ОМ, Жамбыл ОМ, №5 БМ, Сольветка НМ) 134 балаға жыл сайын кеңсе тауарлары, спорттық киім, аяқ киімдер және күртелер түрінде материалдық көмек көрсетті.