2022 жылғы 6 қазанда «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ толық 11-17 жастағы балалардың қатысуымен ерікті мектеп клубтары арасында «Адал ұрпақ» қалалық онлайн – слетін өткізді.Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, аса өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы. Осы слетқа 6 ерікті мектеп клубы қатысты: № 1 ОМ, №2 ЖОББМ, лицей- мектебі, Үштерек ауылының ОМ, Жамбыл ОМ, Қ. Шүлембаев атындағы ОМ. Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Ақсу қаласының лицей-мектебі,
2-орын – Үштерек ОМ,
3-орын – Қ.Шүлембаев атындағы ОМ.
Қалған мектептер номинацияларға ие болды.