• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153
  • Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ 9-00-ден 18-30-ға дейін; түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 21-27 желтоқсан аралығында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 485 бұйрығына сәйкес білім беру бөлімімен жергілікті өкілді және атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдер қатарынан комиссия құрамы бекітілді.

Комиссия 14, 15-тармақтарға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар құжаттарының тізбесін қарады. Осы тармаққа сәйкес Ақсу қаласының мектепке дейінгі ұйымдары барлық қажетті құжаттарды ұсынды:

 

  

Ұйымның атауы

Орындар саны

1

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 2 сәбилер бақшасы»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

210

2

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» коммуналдық  мемлекетік қазыналық кәсіпорны

170

3

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу кентінің № 14 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

125

4

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 16 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

250

5

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 18 сәбилер бақшасы» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

171

6

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу  қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 19 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

235

7

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 24 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

285

8

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Балдырған» сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

100

9

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Балапан» сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

320

10

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 10 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 

188

11

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ақсу қаласының № 20 сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 

180

12

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Чайка» балабақшасы» коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны

125

13

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Айгөлек» сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

75

14

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Айналайын» сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны

260

 

Барлығы

2694

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесінде конкурстық комиссия 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Ақсу қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарын тізбеге бірауыздан енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Конкурстық комиссияның төрағасы                                                                              Қ.Т. Смағұлов

27-12-2022