Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте Ақсу өңірінің барлық 26 мектебінде салтанатты жиын өтті.
Биыл мектеп есіктері алғаш рет 1138 бірінші сынып оқушыларына ашылды.
Салтанатты бөлім аяқталған соң 1-11 сынып оқушыларымен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының инспекторлары 9-11 сынып оқушыларымен Ақсу өңірінің мектептерінде құқықтық жаппай оқу аясында дәрістер өткізді, оған 3217 оқушы қатысты.
Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте Ақсу өңірінің барлық 26 мектебінде салтанатты жиын өтті.

02-09-2022